Accessibility links

Ливия көтерілісшілері Зауия қаласына бақылауды алды


Әз-Зауия қаласынадағы билікке қарсы шерушілер мен үкіметтік күштер.

Әз-Зауия қаласынадағы билікке қарсы шерушілер мен үкіметтік күштер.

Ливиядағы көтерілісшілер Муаммар Каддафи күштерімен қатты қақтығыстан кейін ел астанасы Триполиден 50 шақырымдай жердегі әз-Зауия қаласына бақылауды алды.

Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, қала орталығында режимге қарсы 50 шақты адам «Аллаху Акбар» деп айқалап жүрген.

Орталықта көтерілісшілердің қызыл, қара және жасыл түсті туы көрінген. Каддафи күштері, оның ішінде биік ғимараттар үстіне тығылған мергендер қалада әлі қалған болуы мүмкін деп айтылды.

Ливия көтерілісшілері ендігі мақсаттары Триполиді алу екенін айтып жатыр.
XS
SM
MD
LG