Accessibility links

Иракта екі жарылыс кемінде 30 адамның өмірін қиды


Ирақтағы жарылыс. 15 тамыз. 2011
Ирақтағы жарылыс. 15 тамыз. 2011
Ирактың орталығындағы Кут қаласында екі бірдей жарылыс болып, кемінде 30 адам қаза тауып, 50 шақты кісі жараланған.

Қауіпсіздік күштерінің хабарлауынша, көлікке және жол бойына қойылған бомба жарылыстары Бағдадтан 160 шақырымдай жердегі Кут қаласының орталығында болған. Дәрігерлердің айтуынша, қаза тапқандар арасында балалар мен әйелдер бар.

Ирактағы қақтығыстар 2006 жылдан бері азайғанымен, шабуылдар тоқтамай отыр. Екі жақты келісім негізінде АҚШ-тың 47 мың әскері 2011 жылдың соңына таман Ирактан шығарылуы тиіс.
XS
SM
MD
LG