Accessibility links

Ақтөбе облысындағы жарылыстан бір адам қаза тапты


Ақтөбе облысында шаруа қожалығында болған жарылыстан бір адам қаза тапты.

Сейсенбі күні ҚазАқпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап, жарылыстың белгісіз жарылғыш заттан шыққанын хабарлады.

Жарылыс дүйсенбі күні түнде Қобда ауданындағы "Агролидер-2030" шаруа қожалығының аумағында болған. Оқиғаның металл қалдықтарын жинау кезінде өрістегені айтылып отыр.

Жарылыс салдарынан жараланған шаруа қожалығының 59 жастағы жұмысшысы ауруханаға жетпей көз жұмды.
XS
SM
MD
LG