Accessibility links

Сириядағы палестиналықтар босқындар лагерінен кетіп жатыр


Латакия қаласының көрінісі. Сирия, 14 тамыз 2011 жыл.
Латакия қаласының көрінісі. Сирия, 14 тамыз 2011 жыл.
БҰҰ-ның хабарлауынша, Сирияның портты қаласы Латакиядағы мыңдаған палестиналық әскер шабуылынан сескеніп, босқындар лагерін тастап кетті.

Ұйымның палестиналықтарға көмек жөніндегі өкілі Крис Гуннесс лагерьде кем дегенде төрт адам қаза тауып, 10 мың босқынның жартысы кетіп қалғанын айтты. Гуннес оларға шұғыл көмек көрсетуге шақырды.

Дүйсенбі күні Латакияда атыс күшейе түскені хабарланды. Мәліметтерге қарағанда, үш күнде қалада 27 адам қаза тапқан.

Дүйсенбі күні Хомс провинциясындағы қалаларда да атыс болғаны жайында мәліметтер түсті.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, жарты жылға созылған билікке қарсы шеру барысында Сирияда 1700 адам қаза тапты.

Наразылық танытқандар Башар әл-Асадтың биліктен кетіп, елде демократиялық реформаның өткізілуін талап етіп жатыр.
XS
SM
MD
LG