Accessibility links

БҰҰ Сомалиде ұрланған азық-түлікке қатысты тексеру жүргізеді


Аштыққа ұрынған Әбдікахин Омар. Могадишо. 21 шілде 2011 жыл.
Аштыққа ұрынған Әбдікахин Омар. Могадишо. 21 шілде 2011 жыл.
БҰҰ Сомалидегі аштыққа ұрындарға бөлінген, қолды болуы мүмкін азық-түлікке қатысты тексеру жүргізеді.

Ұйымның баспасөз хатшысы Фархан Хақтың айтуынша, БҰҰ кінәлілерді тауып, оларды жазалайды. Әзірге ұрланған азық-түліктің мөлшері жарияланған жоқ.

Соңғы айларда Сомалиде ондаған мың адам аштық салдарынан жан тапсырды. Аштық соңғы 60 жылдан бері болмаған қуаңшылықтан туындап отыр. 1991 жылдан бері елде орталықтанған билік болмай келеді. Сомалиге қайырымдылқ көмек жөнелту "әл-Қаидамен" байланыстағы жасақтардың әрекеттеріне орай қиындыққа ұшырап отыр.
XS
SM
MD
LG