Accessibility links

Есіргеповті мерзімінен бұрын босатпайтын болды


Рамазан Есіргепов.

Рамазан Есіргепов.

"Алма-Ата Инфо" газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповті мерзімінен бұрын шартты түрде босату мәселесі төртінші мәрте қанағаттандырылмады.

Азаттық радиосына осы турасында хабарлаған оның жұбайы Раушан Есіргепованың айтуынша, арнайы комиссия Есіргеповті әлі де "түзелмеді" деп тапқан.

Журналистің жазасын өтеп бітуіне бес ай қалды.

"Алма-Ата Инфо" газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов 2009 жылдың 8 тамызында "мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін" айыпталып, үш жылға сотталған еді. Оның түрмеде отыру мерзімі журналист қамауға алынған кезден - 2009 жылдың 6 қаңтарынан бастап есептеледі.
XS
SM
MD
LG