Accessibility links

Бүгін Тәжікстанның Худжанд қаласында Би-Би-Си тілшісі Урунбой Усмоновтың соты басталды.

59 жастағы Усмоновқа "тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ұйымымен байланысы бар" деген айып тағылған. Усмонов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ол тек журналистік мақсатпен ғана "Хизб ут-Тахрир" мүшелерімен кездескенін айтады.

Би-Би-Си Тәжікстандағы тілшісіне тағылған айыптардың негізі жоқ дейді.

Урунбой Усмонов маусымның 13-інде қамауға алынған болатын. Оның тұтқындалуын адам құқықтарын қорғаушы халықаралық ұйымдар айыптады. Кейіннен ол кепілге босатылды.

Усмоновтың туыстары оның қамауда соққыға жығылғанын айтады.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG