Accessibility links

Ақтауда Жанболат Мамайға қарсы әкімшілік іс қозғалды


Рух пен тіл қоғамдық ұйымының жетекшісі Жанболат Мамай.

Рух пен тіл қоғамдық ұйымының жетекшісі Жанболат Мамай.

Ереуілдеген мұнайшыларды қолдауға барған қоғамдық белсенді Жанболат Мамайға қарсы әкімшілік іс қозғалды.

Мамай ресейлік қоғам белсенділерінің бастамасымен мұнайшыларды қолдап, Мәскеудегі Қазақстан елшілігі алдында өткен митингке қатысқан болатын.

Жанболат Мамайдың өзі хабарлағандай, Ақтауға жеткенде оны полиция қызметкерлері әуежайдан ұстап, жергілікті Ішкі істер бөліміне апарған. Оған қарсы Қазақстанның әкімшілік кодексінің 373 бабы бойынша заңсыз митинг ұйымдастырды деген айып тағылған.

Қазіргі уақытта Мамайдың телефондары өшіріліп, онымен байланыс үзілді деп хабарлайды Азаттық радиосына хабарласқан қоғамдық белсенділер Бақытжан Төреғожина мен Болат Атабаев.
XS
SM
MD
LG