Accessibility links

Ливияда әз-Зауие қаласы үшін ұрыс жүріп жатыр


Әз-Зауие қаласындағы ұрыс. Ливия, 15 тамыз. 2011 жыл.

Әз-Зауие қаласындағы ұрыс. Ливия, 15 тамыз. 2011 жыл.

Ливияда Триполиден батысқа қарай 50 шақырым жердегі әз-Зауие қаласында ұрыс жүріп жатыр.

Қала бірнеше күн бұрын көтерілісшілер бақылауына өткен еді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Муаммар Каддафи күштері қаланы қайтарып алуға тырысып жатыр. Биік ғимаратқа орналасқан мергендер жасағы көтерілісшілерді көздеп атқан. Зымыран шабуылы жасалып жатыр.

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Ливия астанасына кіретін жолдарды бақылауға алған көтерілісшілердің табысына орай Каддафи режимінің күні санаулы деп жариялаған еді. Билік өкілдері жағдайды әлі де бақылап отырғандарын айтады.
XS
SM
MD
LG