Accessibility links

Пан Ги Мун Башар әл-Асадпен телефон арқылы сөйлесті


Сирия билігі елдегі оппозиция жақтастарына қарсы барлық әскери және полицейлік операцияларды доғарады.

Бұл турасында Сирия президенті Башар әл-Асад БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлескенде айтты.

БҰҰ-ның бұл турасындағы мәлімдемесінде Пан Ги Мунның Латакия және өзге де қалалардаағы әскери әрекеттерге байланысты айтарлықтай алаңдаушылық білдіргені хабарланды.

Бүгін ұйымның адам құқығы жөніндегі ведомствосының басшысы Нави Пиллэй Қауіпсіздік кеңесінің жабық жиынында Сириядағы жағдай туралы баяндайды. Мәліметтерге қарағанда, ол Сириядағы адам құқығы мәселесін халықаралық қылмыстық соттың тергеуі керектігін айтуы ықтимал.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG