Accessibility links

Қырғызстанда қазақ азаматының өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталды


Қырғызстанда қазақстандық турист Ерлан Балмахаевтың өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталды деп хабарлайды "АКИpress" агенттігі.

Қырғыз полициясы "Балмахаевты соққыға жықты" деген айып бойынша Бішкекте үш күдіктіні тұтқындаған.

Қырғызстанның Ыстықкөл демалыс орнында ауыр соққыға жығылған қазақстандық турист Ерлан Балмахаев жексенбі күні Бішкектегі бір ауруханада жан тапсырған. Оған екінші қайтара операция жасап жатқанда, жүрегі тоқтап қалған.
XS
SM
MD
LG