Accessibility links

Болат Атабаев: Саяси жүйенің ауысуы үшін шайтанмен де ауыз жаласуға бармын


Қоғам қайраткері Болат Атабаев

Қоғам қайраткері Болат Атабаев

Қазақстандық режиссер, "Ақсарай" театрының жетекшісі Болат Атабаевтың мәлімдеуінше, қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов он жылдан астам уақыттан бері оппозицияны қаржыландырып келеді.

"Иә, Әблязов 2000 жылдан бері оппозицияны қаржыландырып келеді. Егер ол жұрт жазып жүргендей ұры болса, онда оппозицияны қаржыландыру арқылы ол ақшасын түгел қайтарды", - деді Болат Атабаев бүгін Алматыдағы баспасөз мәслихатында.

Ол Әблязовтың әрекетін қолдайтынын айтып, "қазіргі саяси жүйенің ауысуы үшін шайтанмен де ауыз жаласуға бармын, мені осындай күйге жеткізді" деп мәлімдеді.

2009 жылы БТА Банк мемлекет қарамағына өткен соң банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа қарсы қылмыстық іс қозғалған болатын.

Болат Атабаев жоғарыдағы мәлімдемесін Жанболат Мамйдың қамалуына қатысты өткен баспасөз мәслихатында айтты. «Халық майданы» қозғалысының мүшесі Жанболат Мамайды Ақтау полициясы ұстап, тамыздың 17-сі күні әкімшілік соттың шешімімен 10 тәулікке қамаған. Оған «полицияға қарсылық көрсетті» деген айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG