Accessibility links

Соңғы кезде баспасөзде «аралас неке» туралы көп көтеріліп жүр. Алайда аралас неке туралы айтылғанда неміс пен қазақ, орыс пен қазақ туралы айтылмайды да жазылмайды. Себебі олар қазір қазақтың бір тайпасы сияқты сезіліп кеткелі қашан!

Бірақ ертең сол аралас некеден туған жиендер қазақ елін өзі елім деп танып, қазақ елін, қазақ мемлекеттігін мойындаса болды да. Осындай аралас некеге ешқандай қаламгерлердің де, қара халықтың да, ханның да қарсылығын, болмаса теріс лебізін естімедік. Тіпті өткен жылдарда Елбасы жас офицерлерді қабылдағанда бір неміс жігіті қазақша «мен қазақ қызына ғашықпын, бірақ ол қызбен үйленейін десем қазақтар қалың мал алады екен, соған көмектессеңіз Нұреке!» деп қарап тұр…

Әрине Елбасы оған не десін! Қалың малын өтеп, сол қызды алып беретіні туралы уәде етті…

Алайда, «қалыңмал төлейтін» мемлекет басшысы бізде ғана емес екен. Қытай халық республикасы да бейресми түрде шетелден әйел алған қытай азаматтарына «қалыңмал» төлеп сол азаматтың сол жат елде үйленіп, жер иеленіп, бала-шағалы болып, сосын арт жақтағы туыс туғандарын шақырып алуына экономикалық жақтан көмек береді екен. Тіпті кей Қытай азаматтарының айтуынша Еуропада, Орталық Азияда, Африкада үйленіп, азаматтық алуға Қытай үкіметі әртүрлі ставкадағы қаржылай көмек береді екен. Соның ішінде ең жоғары көмек Еуропа, Америка, Австралия құрлығына берілсе ең төменгі қаржылық көмек Орталық Азияға беріледі екен. Қаржылық көмек екі түрде беріледі: бірі тікелей ақшалай көмек, екіншісі өсімсіз кредит негізінде.

Осындай өз елдерінің «қалыңмал» беріп қолдап, қолпаштауының арқасында Қытай азаматтары жаппай шетелдік қыздармен үйленіп, сол елде азаматтық алып, тез көтеріліп, сосын арт жақтағы туыс-достарын тартып алып жатыр…

«Құдалық саясаты» Қытайдың ежелгі аз ұлттарды басып алудың, өзіне қаратудың үлкен тәсілі болған. Бірақ ол кезде жасау жабдығымен, құл-қотандарымен өздерінің ханшаларын берсе, қазір сол Қытайдың құл-қотандары басқа елдің «ханшаларына» қол салып жатыр.

Қазір Қытай елі иегінің астындағы Орталық Азияны қойып, сонау алыстағы Афирика елдерінде қызу үйленіп, азаматтық алып жатыр. Африканың қара маржандай кербез сұлулары қытайлардың қолтығында кетіп жатыр…

http://kokjal83.wordpress.com

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG