Accessibility links

Өзбекстанда құқық қорғаушы Елена Урлаева соққыға жығылып, тұтқындалған


Өзбекстан құқық қорғаушылары альянсының жетекшісі Елена Урлаева
Өзбекстан құқық қорғаушылары альянсының жетекшісі Елена Урлаева
Fergana.ru вебсайтының хабарлауынша, Өзбекстандағы адам құқығын қорғаушы белсенді Елена Урлаева бүгін Наманган қаласында ұсталып, соққыға жығылған.

Урлаева әріптесі Бахадыр Намазовқа телефон шалып, "полиция бекетінде мені ұрып жатыр" деген.

Өзбекстан құқық қорғаушылары альянсының жетекшісі Елена Урлаева бұдан бұрын түрмеге жабылған, күштеп психиатриялық ауруханаға жатқызылған және Ташкентте баласының көзінше соққыға жығылған.
XS
SM
MD
LG