Accessibility links

Израиль Газа секторына әуеден соққы берді


Израиль әскері Газа секторына әуеден шабуыл жасады.

Әуе соққысы Израиль оңтүстігінде бейсенбі күні қарулы адамдар сегіз адамды атып өлтіріп, 25-тен аса адамды жаралаған соң берілгені хабарланды.

Қызыл теңіз жағалауындағы Эйлот демалыс орнындағы қарулы адамдардың осы әрекетін АҚШ, Еуропа Одағы және БҰҰ айыптады. Израиль әскері оқиғадан соң жеті қарулы адамның өлтірілгенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG