Accessibility links

Сирияға қарсы санкция жариялау жайы талқыланды


БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Нави Пиллэй.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Нави Пиллэй.

Ұлыбритания, Франция және Португалияның БҰҰ-дағы өкілдері Қауіпсіздік кеңесінің Сирия режиміне қарсы санкция қабылдауына мүдделі.

Ұлыбритания өкілінің орынбасары Филип Пархэм санкцияға Сирияның кейбір шенеуніктерінің есеп-шотын бұғаулап, олардың шет елге сапарлауына тыйым салуды қамтуға болатынын айтқан. Башар әл-Асад режиміне қару сатуға эмбарго жариялау мәселесі де қарастырылып отыр.

АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің мұндай қарарын қолдайтынын білдірді. Ал Ресей мен Қытай әзірге өз ұстанымын жарияламады.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Нави Пиллэй Қауіпсіздік кеңесін Сирия режимінің ісін Халықаралық қылмыс сотында қарастыруға шақырды.
XS
SM
MD
LG