Accessibility links

Кабулда ұлыбританиялық ұйымға шабуыл жасалып, кемінде 8 адам қаза болды


Ауған қауіпсіздік күштері Кабулдағы жарылыстан жараланған кісіні әкетіп барады. 19 тамыз 2011 жыл.

Ауған қауіпсіздік күштері Кабулдағы жарылыстан жараланған кісіні әкетіп барады. 19 тамыз 2011 жыл.

Бүгін Кабулдағы ұлыбританиялық ұйымға екі жанкештілік шабуыл жасалып, кемінде 8 адам қаза болды. Ауғанстанның тәуелсіздік күні жасалған шабуылдың жауапкершілігін "Талибан" қозғалысы өз мойнына алды.

Полицияның мәліметінше, British Council кеңсесіндегі екі жарылыстан мерт болғандардың бірі - шетел азаматы, қалғандары - полицейлер мен қарапайым азаматтар.

Ұлыбритания үкіметі қаржыландыратын British Council ұйымы негізінен мәдени бағдарламалармен айналысады.

Ауғанстан тамыздың 19-ы күні 1919 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғанын атап өтеді.
XS
SM
MD
LG