Accessibility links

Тәжікстанда 4 мыңға жуық тұтқынға рақымшылық жасалмақ


Тәжікстан парламентінің отырысы. (Көрнекі сурет)
Тәжікстан парламентінің отырысы. (Көрнекі сурет)
Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы бүгін 4 мыңға жуық тұтқынға рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады. Тұтқындарға рақымшылық жасау ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланатын қыркүйектің 9-ына тұспа-тұс келмек.

Рақымшылыққа негізінен 55 жастан асқан ер азаматтар, қатерлі ісік ауруы мен туберкулезге шалдыққандар, сонымен қатар әйелдер ілінеді. "Үкіметті құлатпақ болды" деген айыппен сотталғандар мен лаңкестік, тыңшылық және адам өліміне қатысты қамалғандар, сонымен қатар ауыр қылмыс жасағандар мерзімінен бұрын босатылмайды.

Бұл тәжік үкіметі мақұлдаған 13-ші амнистия болмақ.
XS
SM
MD
LG