Accessibility links

Еуропа Одағы Тимошенконың жағдайына алаңдаулы


Uкраинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко

Uкраинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко

Еуропа Одағы осыдан екі апта бұрын қамалған Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың денсаулығы нашарлады деген хабарларға байланысты алаңдаушылық білдірді.

Еуропа Одағының сыртқы қатынастары бойынша баспасөз хатшысы Майкл Мэн бүгін Брюссельде журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Еуропа Одағы Киевті Тимошенкоға тәуелсіз медициналық көмек көрсетуге шақырды. Бейсенбіде Тимошенконың денсаулығы нашарлады деген ақпарат шыққан болатын.

2004 жылғы "Қызғылт-сары төңкерісі" жетекшілерінің бірі болған бұрынғы премьер-министр Тимошенкоға "қызметін асыра пайдаланды" деген айып тағылған. Ол тамыздың 5-інде сотты сынаған соң қамауға алынды.

АҚШ пен Еуропа Одағы Украина билігін Тимошенконы босатуға шақырды. Украина президенті Виктор Янукович Тимошенконың ісіне араласпайтынын хабарлады. Юлия Тимошенко 2010 жылы президент сайлауына Януковичтің қарсыласы ретінде түскен болатын.
XS
SM
MD
LG