Accessibility links

Грузияда Нино Бурджанадзенің күйеуі сырттай сотталды


Грузия соты оппозиция жетекшісі Нино Бурджанадзенің күйеуі Бадри Бицадзені мамыр айында үкіметке қарсы шерулер барысында полицияға шабуылдағаны үшін сырттай 5,5 жылға соттады.

Оған президент Михаил Саакашвилиге қарсы шерулер барысында "жартылай әскери топтар құрып, полицияға шабуылдарды ұйымдастырды" деген айып тағылды. Бицадзенің қайда екені белгісіз.

Мамырдың 26-сындағы наразылық шарасы барысында полиция шерушілерді көзден жас ағызатын газ бен резеңкелі оқ атып таратқан болатын. Оның алдында Бурджанадзе мен оның одақтастары Грузияның тәуелсіздік күніне арналған парадқа кедергі жасамақшы болған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG