Accessibility links

Египет сарбаздардың өліміне байланысты Израильден елшісін шығарды


Египет үкіметі Израильмен арадағы шекараға жақын жерде қауіпсіздік күштерінің бес мүшесінің өліміне байланысты Израильдегі елшісін шақыртып алды.

Бейсенбі күні Израильдің оңтүстігінде содырлардың шабуылдарынан сегіз Израиль азаматы қаза болған соң Израиль күштері күдікке ілінген содырларды ұстамақшы болған кезде Египеттің бес сарбазы өлтірілді деп хабарланған болатын.

Египет кабинетінің бүгінгі мәлімдемесінде әлгі египеттіктердің өліміне саяси және заңды түрде Израиль жауапты делінген. Египет үкіметі бұл оқиғаны екі ел арасындағы 1979 жылғы бейбітшілік келісімінің бұзылуы деп қарастырып отыр. Египет Израильден бұл оқиғаның тергелуін және оған байланысты кешірім сұрауын талап етті.

Оның алдында жүздеген Египет азаматы Кирдегі Израиль елшілігі алдында наразылық танытты. Әлгі сарбаздардың қалай қаза болғандығына қатысты қарама қайшы хабарлар келіп түскен болатын. Израиль бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG