Accessibility links

Сириядағы оппозициялық белсенділердің айтуынша, халықаралық қауымдастық наразылық танытушыларды басып-жаншыған президент Башар әл-Асад режимін айыптап жатқан тұста қауіпсіздік күштері отыз немесе одан да көп адамды өлтірген.

Белсенділердің мәліметінше, үкіметтің әскери операцияларды тоқтатқаны туралы мәлімдемесіне қарамастан зорлық зомбылық әркеттері жұма күні елдің оңтүстігіндегі Дераа уәлаятында тіркелген. Дәл осы аймақта наурыз айында үкіметке қарсы шерулер басталған болатын.

Бейсенбіде АҚШ пен Еуропа Одағы Сирия үкіметіне қарсы санкция енгізіп, президент Асадты биліктен кетуге шақырған еді. Хабарларға қарағанда, әзірше Сириядағы жағдайға қатысты халықаралық әскери әрекет қарастырылмаған.

Осыдан бес ай бұрын басталған Сириядағы толқуларда екі мыңнан астам адам өлтірілген.
XS
SM
MD
LG