Accessibility links

Пәкістанда НАТО танкерлеріне өрт қойылды


Пәкістандағы Балучистан картасы

Пәкістандағы Балучистан картасы

Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар Ауғанстандағы НАТО күштеріне отын алып бара жатқан бес мұнай танкеріне өрт қойды.

Бүгін Пәкістан ресми өкілдерінің хабарлауынша, бұл шабуыл жұма күні кешке Балучистан уәлаяты астанасы Куетадан жиырма шақырым жердегі Дашт аймағында болған. Зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түспеді.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады. Әдетте бұдан бұрынғы осындай шабуылдарды Ауғанстандағы АҚШ жетекшілік ететін халықаралық күштерге кедергі жасау үшін "Талибан" қозғалысы жасайтын.
XS
SM
MD
LG