Accessibility links

Иран соты АҚШ азаматтарын 8 жылға түрмеге жапты


АҚШ азаматтары Шейн Бауер мен Джош Фаттал. Ақпан 2011 жыл.
АҚШ азаматтары Шейн Бауер мен Джош Фаттал. Ақпан 2011 жыл.
Ирандық IRINN вебсайтының хабарлауынша, бүгін Иран соты АҚШ азаматтары Шейн Бауер мен Джош Фатталды сегіз жылға қамау туралы шешім шығарған. Бұл вебсайттың мәліметінше, оларға Иранға "заңсыз кірді және тыңшылық жасады" деген айып тағылған.

Америкалықтардың адвокаты Массуд Шафеи сот шешімін өз көзімен көрмегендіктен бұл ақпаратты растай алмайтындығын айтты.

Бауер, Фаттал және тағы басқа америкалық азаматша Сара Шоурдты осыдан екі жыл бұрын шілде айында Иран шекарашылары ұстаған болатын. Бұл үш азамат Ирақта жүріп, білместен Иран жеріне кіріп кеткендерін айтқан.

Шоурд өткен жылы жарты миллион долларға кепілге босатылып, АҚШ-қа қайтқан еді.

IRINN вебсайтындағы ақпаратқа сәйкес, Сара Шоурдқа қатысты іс әлі жабылмаған.
XS
SM
MD
LG