Accessibility links

ТМД бақылаушылары сенат сайлауын мадақтады


Қазақстандағы сенат сайлауын бақылаған ТМД миссиясы сайлау "Қазақстан заңдарына сай өтті және ашық болды" деп бағалады.

Бүгін миссия басшысы Сергей Лебедев ТМД бақылаушылары "сенат сайлауын өткізу үшін жақсы жоспарланып, ұйымдастырылған жұмыс атқарылды" деген әсерде қалды деп атап көрсетті. Лебедевтің айтуынша, қазан айындағы президент сайлауына дайындалып жатқан Қырғызстан Қазақстандағы сенат сайлауындағы тәжірибеден қандай да бір үлгі алса болады.

Жұма күнгі сайлауда сенаттағы орындарды биліктегі «Нұр Отан» партиясы иеленген болатын. Оған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты.

Парламенттің төменгі палатасы мәжіліс те тек «Нұр Отан» партиясы мүшелерінен ғана құрылған.
XS
SM
MD
LG