Accessibility links

Вьетнам полициясы Қытайға қарсы шерушілермен қақтығысты


Оңтүстік Қытай теңізі. 2006 жыл

Оңтүстік Қытай теңізі. 2006 жыл

Бүгін Ханойда көшелерді жаппақшы болған Қытайға қарсы шерушілерді полиция күшпен таратып, кемінде 15 адамды қамауға алды. Ондаған вьетнамдық қолдарына «Қытай басқыншылығына жол жоқ» деген ұрандар ұстап шыққан.

Оңтүстік теңіз аймағында орналасқан азиялық елдер, атап айтқанда Қытай, Тайвань және Вьетнам елдері табиғи ресурстарға бай деген теңіз суына таласып келеді.

Human Rights Watch адам құқын қорғаушы ұйым бұл аймақтағы шерушілердің бейбіт жиын өткізуге құқы бар екенін айтып, коммунистік елдер жетекшілерін қамауға алынғандарды босатуға шақырды.

Вьетнам үкіметі маусымның 10-нан бері жалғасып келе жатқан Қытайға қарсы наразылық шараларын өткізуге бейсенбі күннен бастап тыйым салатын қаулы қабылдаған.
XS
SM
MD
LG