Accessibility links

Сирия президенті елдің келешегіне қатысты жолдау жасамақшы


Сирия президенті Башар әл-Ассад теледидар арқылы халыққа жолдау жасайды. Оның еліне қайрылуы - АҚШ пен Еуропалық жетекшілердің өзін биліктен кетуге шақырған үндеулерінен кейін болып отыр.

Сириялық ақпарат агенттіктерінің хабарына қарағанда, Башар әл-Ассад елдің келешегіне қатысты, оның ішінде үкіметтік реформалар туралы мәлімдеме жасайды.

Бұл тұста БҰҰ-ның адам құқын қорғаушы топтары Дамаскіге жетіп, бұл елдегі шерушілерді күшпен басқаннан кейінгі жағдайға қатысты бағалауларын бермекші. Сирияда режимге қарсы шеруде 2 мыңнан аса адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG