Accessibility links

Солтүстік Корея басшысы Медведевпен кездесу үшін Ресейге барды


Ресей президенті Дмитрий Медведев Қиыр шығыстағы Владивосток қаласында.
Ресей президенті Дмитрий Медведев Қиыр шығыстағы Владивосток қаласында.
Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ир он жылға таяу уақыт ішінде алғашқы сапарымен Ресейге барды. Кремлдің хабарына қарағанда, Кимнің бір апталық сапары Қиыр Шығыс және Сібір аймағында өтіп, онда президент Дмитрий Медведевпен келіссөздер өткізеді.

Президент Кимнің сапары экономикалық оқшауланып, даулы ядролық бағдарламасына қатысты санкцияларға тап болған Солтүстік Корея көмекке зәру болып жатқан тұста болып отыр.

Мәскеу мен Пхеньянның қарым-қатынасы 1991 жылы Совет одағы ыдырағаннан кейін нашарлап кеткен. Медведев таяуда Кимге хат жолдап, Ресей мен екі Корея ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуға шақырған болатын. Ким Чен Ир Ресейге соңғы рет 2002 жылы барған еді.
XS
SM
MD
LG