Accessibility links

Еуропа одағы, ЕҚЫҰ және Ресей Юлия Тимошенкоға шыққан үкімді сынады


Юлия Тимошенко өзіне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр. Киев, 11 қазан 2011 жыл.
Юлия Тимошенко өзіне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр. Киев, 11 қазан 2011 жыл.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Еуропа одағы мен Ресей Украинаның бұрынғы экс-премьері Юлия Тимошенкоға шығарылған сот үкімін сынға алды.

Киев соты қазанның 11-і күні Юлия Тимошенконы 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді.

Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон Юлия Тимошенкоға қарсы сот әділетті болмағанын айтып, "Тимошенконың ісі Еуропа одағы мен Украина арасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді" деп мәлімдеді.

Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің айтуынша, Юлия Тимошенкоға шыққан үкім Мәскеу мен Киевтің энергетика саласындағы әріптестігіне қауіп төндіруі мүмкін. Ресей сыртқы істер министрлігі "бұл үкімнің Ресейге қарсы астары бар" деп мәлімдеді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Аудронюс Ажубалис Украина билігін Юлия Тимошенконың апелляциялық шағымын "ашық және әділетті қаралуын қамтамасыз етуге" шақырды.
XS
SM
MD
LG