Accessibility links

АҚШ вице-президенті Моңғолияға барды


АҚШ вице-президенті Джо Байденді Моңғолия премьері Батболд Сүхбаатар қарсы алды.22 тамыз. 2011

АҚШ вице-президенті Джо Байденді Моңғолия премьері Батболд Сүхбаатар қарсы алды.22 тамыз. 2011

АҚШ вице-президенті Джо Байден табиғи ресурстарға бай Моңғолияға келіссөздер өткізуге барды. Моңғолия өзінің өте үлкен көмір қорын шетелдік инвесторларға ұсынып отыр.

Байден - бұл елге 2005 жылдан бері алғаш рет барған АҚШ жетекшілерінің бірі. 6 жыл бұрын АҚШ президенті болған Джордж Буш Улаанбаатарға барып қайтқан.

Моңғолиядағы АҚШ елшілігі "Байденнің сапары Моңғолияның дамып келе жатқан демократиясына үлкен қолдау таныту мақсатында болып отыр" дейді.

Маусым айында Моңғолия президенті Цахиагийн Элбегдорж Вашингтонға барған сапарында елінің энергетикалық саласына АҚШ компанияларын көбірек тартуға сөз берген.

Байден Моңғолиядан бұрын Қытайда 4 күн сапарлаған. Ол бүгін кешке Жапонияға ұшып кетеді.
XS
SM
MD
LG