Accessibility links

Тәжік билігі қамаудағы BBC тілшісін азаптаған


BBC өзбек қызметінің Тәжікстандағы тілшісі Урунбай Усмонов.

BBC өзбек қызметінің Тәжікстандағы тілшісі Урунбай Усмонов.

Тәжікстанда сотқа тартылған BBC тілшісі Урунбай Усмоновтың адвокаты оның қамауда азапталғанын айтып отыр.

"Тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ұйымымен байланыс құрды" деген айыппен маусым айында ұсталған журналистің адвокаты Файзиниссо Вохидова "қауіпсіздік қызметкерлері Усмоновты ұрып-соғып, білектерін темекімен күйдірген" дейді. Оның айтуынша, Усмонов осыған дейін абақтыда өзіне қарсы қысымды күшейтпеу үшін бұл азаптаулар туралы айтпай келген.

Бұл туралы қауіпсіздік қызметінен пікір алу мүмкін болмаған.

BBC басшылығы "Усмоновтың Хизб ут-Тахрир ұйымы өкілдерімен қандайда бір кездесуі журналистік мақсатта болды" деді. Өткен аптада басталған Усмоновтың сотын АҚШ пен Еуропа елдері де сынады.
XS
SM
MD
LG