Accessibility links

Израиль әскерилері елдің оңтүстігіне Хамас бақылауындағы Газа аймағынан зымыран соққысы берілді деп хабарлап отыр. Полицияның айтуынша, Газаға жауап ретінде әуеден берілген шабуылдан ешкім зардап шекпеген.

Бұл аймақтағы қақтығыс Израиль-Египет шекарасына жақын жерде израильдік әскерге қарсы шабуылдан кейін ушығып кетті. Израиль сегіз әскерін өлтірген шабуылға Газадағы жауынгерлерді айыптап, оларға қарсы әуе соққысын бергенде 15 палестиналық қаза тапты.

Ал Египет бейсенбі күнгі шекарадағы атыста қаза болған 5 сарбазының өлімі үшін Израиль әскерін айыптап отыр. Өткен түндегі атыстар "Газада орналасқан жауынгерлер Египет арағайындығымен атысты тоқтатуға келісті" деген хабардан кейін болды.
XS
SM
MD
LG