Accessibility links

Иран елдің Натанз қаласындағы ядролық отынды қорытатын жабдықтарын Қом қаласындағы жерасты бункеріне ауыстырып жатқанын айтты.

Бұл туралы Иранның вице-президенті әрі Атом энергиясы ұйымының басшысы Фрейдон Аббаси Давани мәлімдеп, мамандар Қом қаласы маңында центрифугаларға жаңа орындар дайындап жатыр деді.

Тегеран халықаралық қауымдастықтың уран байыту жұмыстарын тоқтатуға шақырған үндеулерін қабылдамай келеді. Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG