Accessibility links

Әлем жетекшілері Каддафиді биліктен кетуге шақырды


Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің Франциядағы Африкан елдерінің жиынындағы кезі. 2007 жыл
Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің Франциядағы Африкан елдерінің жиынындағы кезі. 2007 жыл
Ливия көтерілісшілері ел астанасына кіріп, билікті құлатуға тырысып жатқанда, әлем жетекшілері президент Муаммар Каддафиді орнынан кетуге шақырды.

Британия премьер-министрі Дэвид Кэмерон Каддафи режимі құлауға жақын қалғанын айтып, Ливия жетекшісін қарсылықсыз берілуге шақырды.

АҚШ президенті Барак Обама ұрыстың шешуші кезеңге аяқ басқанын және Ливия халқының «тиранның уысынан шығып кетуге» аз қалғанын мәлімдеді.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ливияны өтпелі билікті бейбіт түрде ауыстыруға шақырды. Бұл туралы Брюссельден мәлімдеген Расмуссен альянс ливиялықтармен бірге жұмыс істеуге дайын болды деді:

"Енді жаңа Ливияны құратын кез келді. Мемлекет азат, қауіптен ада, диктаторы жоқ демократиялық ел негізінде болуы керек. Биліктің ауысуы бейбіт түрде болуы керек. Ол дәл қазір болуы тиіс. Ол Ливия халқының бастауымен анықталуы керек".

Муаммар Каддафидің қазір қайда екені әзірге белгісіз. Ал оның балалары қамауға алынды деп хабарланды. Триполи орталығында халық көтерілісшілермен бірге басымдықтарын тойлап жатыр.
XS
SM
MD
LG