Accessibility links

БҰҰ-ның Сирияға қатысты төтенше жиыны кешігіп өтеді


Cирия президенті Башар әл-Ассад телеарна арқылы жолдау жасап тұр. 21 тамыз. 2011

Cирия президенті Башар әл-Ассад телеарна арқылы жолдау жасап тұр. 21 тамыз. 2011

БҰҰ Адам құқын қорғаушы кеңесі Сирияға қатысты төтенше жиынын бүгін өткізбекші. Бұл отырысты өткізуді ұсынған кеңеске мүше елдер, оның ішінде Йордания, Кувейт, Сауд Арабия мен Қатар мемлекеттері Сириядағы адам құқықтарының бұзылу жағдайын талқылайтын болады.

Бірақ бұл отырыс техникалық мәселелерге қатысты бірнеше сағатқа кешігіп жатқаны хабарланды.

Сирия президенті Башар әл-Ассад теледидар арқылы жасаған соңғы жолдауында өз еліне қарсы әскери әрекет бола қалса, қатты тойтарыс берілетінін ескертті. Ол елде билікке қарсылар бар болғанымен, өзін биліктен тайдыратындай қатердің жойылғанын айтып отыр.

Әл-Ассад ақпан айында өтуі мүмкін парламент сайлауынан кейін реформа болады дегенге меңзеп сөйлеген. "Ол сайлауға Баас партиясымен бірге басқа да саяси партиялар қатысады" дейді.

Сирияда бес айдан бері наразылық шеруі өтіп жатыр. Адам құқын қорғаушы топтардың хабарына қарағанда, наурыз айында басталған халық толқуын күшпен басқан үкіметтік әскердің шабуылынан кемінде 2 мыңдай адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG