Accessibility links

АҚШ-та комаға түскен студент қыз Астанаға жеткізілді


Қазақстандық дәрігерлер АҚШ-та ес-түссіз жағдайда табылып, елге әкелінген студент қыздың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

Бұл туралы бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, студент Айнұр Ахметова Астанадағы нейрохирургиялық орталыққа жатқызылған. Оның қазіргі жағдайы тым ауыр, ол жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр.

Осыған дейін хабарланғандай, Айнұр Ахметова «Ворк энд Тревел» бағдарламасы бойынша АҚШ-қа жұмыс істеуге барған. Ол өзі жұмыс істеп жүрген Массачусетс штатындағы қонақ үйдің бассейні жанынан ес-түссіз күйде табылған.

Америкалық дәрігерлер оның миының жұмысы тоқтап қалғанын айтқан. Айнұрдың туыстарының тілегі бойынша аппаратты үзбестен оны Қазақстанға жексенбі күні жеткізді.
XS
SM
MD
LG