Accessibility links

Каддафидің ұлы әкесінің қауіпсіз жерде екенін мәлімдеді


Муаммар Каддафи.

Муаммар Каддафи.

"Ливия басшысы Муаммар Каддафи қазір қауіпсіз жерде" деп мәлімдеді көтерілісшілер "жексенбі күні қамалды" деген Сейф ул-Ислам Каддафи сейсенбіге ауған түні Триполиде журналистерге. Бұл турасында батыс ақпарат құралдары хабарлады.

Сейф ул-Ислам өзінің шынында да бостандықта екенін, көтерілісшілердің ел астанасына енуі арқылы қақпанға түскенін, оларды үлкен тойтарыс күтіп тұрғанын айтты.

Қазір көтерілісшілер де, үкіметтік күштер де Триполидің басым бөлігін бақылауда ұстап тұрғанын хабарлап жатыр.

Әлем елдерінің басшылары Каддафиді күш көрсетуді тоқтатып, биліктен бас тартуға шақырған еді.
XS
SM
MD
LG