Accessibility links

Пан Ги Мун Сирия басшысын уәдесін орындамағаны үшін сынады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирия басшысы Башар әл-Асадты бейбіт шерушілерге қарсы қудалауды қойғыза алмағаны үшін сынады.

Пан Ги Мунның айтуынша, әл-Асад "қауіпсіздік күштерінің операциялары барысында күш көрсетуді доғарып, адам өлімін тоқтатамын" деген уәдесін орындай алмай қабілетсіздік танытып отыр.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесі Женевадағы екі күндік төтенше мәжілісі барысында Сириядағы адам құқығы мәселесін талқыламақшы.

Ұйымның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Нави Пиллэй өткен бес айдағы билікке қарсы шеру барысында қаза тапқандардың саны шамамен 2200-ден асқандығын айтады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG