Accessibility links

Отунбаева туған күніне сыйлық жасауға тыйым салды


Роза Отунбаева.
Роза Отунбаева.
Сейсенбі күні Қырғызстан президенті Роза Отунбаева 61 жасқа толды. Ол өзінің туған күніне сыйлық жасауға тыйым салды.

Азаттықтың қырғыз қызметі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап осылай деп хабарлады. Отунбаева өзін құттықтағысы келгендерге президенттің іс басқармасына хабарласып, балалар үйі үшін ашылған есеп-шотқа ақша аударуға болатынын айтқан.

Президент аппараты оны құттықтап, осы есеп-шотқа 35 мың сом қаражат аударды.

Отунбаеваны Ресей президенті Дмитрий Медведев те құттықтаған.

Қырғыз президенті туған күнін әрқандай бір салтанатсыз, отбасында өткізетіндігі хабарланды.
XS
SM
MD
LG