Accessibility links

"Стан-ТВ" өз кеңсесін тінту себебін анықтауды талап етеді


Тәуелсіз "Стан-ТВ" интернет-порталының басшылығы полиция мен ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінен өткен аптада мемлекеттік мекемелер тарапынан болған тексерулердің заңдылығына байланысты тергеу жүргізуді сұрамақшы.

Бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген аталмыш интернет порталының өкілі Элина Жданованың айтуынша, өткен аптада "Стан-ТВ" кеңсесіне архитектуралық-құрылыстық бақылау басқармасы мен санитарлық-эпидемиялогиялық станциясы және өрт сөндіру қызметінің өкілдері келіп, тексеру жүргізген.

"Стан-ТВ" басшылығы мұны кәсіби жұмысымен байланыстырып отыр.
XS
SM
MD
LG