Accessibility links

Мұнайшыларды қолдау акциясын өткізген белсенді 14 тәулікке қамалды


Қоғамдық белсенді Жанна Байтелова. Алматы, 17 тамыз 2009 жыл.

Қоғамдық белсенді Жанна Байтелова. Алматы, 17 тамыз 2009 жыл.

Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуілі мен олардың сотталған кәсіподақ белсендісі Наталья Соколованы қолдап, Алматыда акция өткізген қоғамдық белсенділердің бірі Жанна Байтелова бүгін 14 тәулікке қамалды.

Өзін "Жаннаның досымын" деп таныстырған Лариса Боярдың Азаттық радиосына хабарлауынша, сот отырысы жабық есік жағдайында өткізілмекші болған, алайда Жанна Байтелова журналистер мен өзіне жақын адамдардың болуын талап еткен. Байтеловаға "бейбіт жиын өткізу жөніндегі заңды бұзды" деген айып тағылған.

Арман Ожаубаев, Дмитрий Тихонов және Жанна Байтелова тамыздың 17-інде "Нұр Отан" партиясының Алматыдағы өкілдігі алдында өткен акцияда "Наталья Соколоваға - бостандық!", "Мұнайшылар Қытайдың құлы емес" деген ұрандар алып шыққан еді.

Өткен аптада бес тәулікке қамалған Тихонов пен Ожаубаев бүгін азат етілді.
XS
SM
MD
LG