Accessibility links

Еуропа сталинизм мен нацизмнің құрбандарын еске алды


Еуропа ресми өкілдері бүгін Варшавада жиналып, нацистік Германия мен Совет одағының бір-біріне шабуыл жасамау турасында қол қойылған келісімінің 72 жылдығында сталинизм мен нацизмнің құрбандарын еске алды.

1939 жылғы Риббентроп-Молотов келісімінде Орталық Еуропада ықпал ету аймағын өзара бөлісу туралы құпия хаттама болған еді. Бұл келісім миллиондаған адамның өмірін қиып, адамзат баласына айрықша қасірет әкелді.

2008 жылы Еуропа парламенті 23 тамызды сталинизм мен нацизмнің құрбандарын еске алу күні деп бекіткен болатын.
XS
SM
MD
LG