Accessibility links

Стросс Каннға тағылған айып алынып тасталды


Доминико Стросс Канн өзіне тағылған айып алынып тасталғаннан кейін. Нью-Йорк. 23 тамыз 2011 жыл.

Доминико Стросс Канн өзіне тағылған айып алынып тасталғаннан кейін. Нью-Йорк. 23 тамыз 2011 жыл.

Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс Каннан қонақ үй қызметшісін зорлауға әрекет қылды деген айып алынып тасталды, іс жабылды.

Сейсенбі күні Нью-Йорк Апелляциялық соты осындай шешім шығарды.

Бұдан алдын Нью-Йорк жоғарғы соты да осы айыпты алып тастаған болатын. Мұндай шешімнің шығуы қонақ үй қызметшісі Нафиссату Диаллоның тергеу кезіндегі айғақтарының күманды болғандығымен түсіндірілген.

Бірақ Стросс Канның енді Диалло берген азаматтық шағым бойынша сотқа жауап беруіне тура келеді.

Доминик Стросс Канн мамыр айында Нью-Йоркте адам зорлауға әрекет қылды деп айыпталған соң Халықаралық валюта қоры басшылығынан кеткен еді. Бұл жанжал алдағы жылы Франция президенті сайлауына түсе қалса, оның жеңу мүмкіндігін шектеуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG