Accessibility links

Орал түрмесіндегі өзбек босқыны аштық жариялады


Cобиржон Носиров.

Cобиржон Носиров.

Қазақстан батысындағы Орал қаласында қамауға алынған Өзбекстан босқыны Собиржон Носиров 20 тамыздан бері аштық жариялап жатыр.

Ол бір ай бұрын Өзбекстанның сұрауы бойынша ұсталған болатын. Азаттық радиосы өзбек қызметінің құқыққорғаушы Омонулло Мақсудовқа сілтеме жасап хабарлауы бойынша, 39 жастағы Носиров өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеу үшін осы қадамға барған. Қазір оның денсаулығы нашарлаған. Оған туыстары және адвокатымен де кездесуге рұқсат берілмеген.

Мәліметтерге қарaғанда, шілде айында Ресейден Оралға келген бойда ұсталған Собиржон Носиров Өзбекстанға экстрадициялануы мүмкін.

"Егер Қазақстан Өзбекстанмен келісіп, оны беріп қойса, айыпсыз адамды ол жерде мәжбүрлеп, қинап бәрібір айыбын мойнына қояды. Ол кісіні онда әділетсіз сот күтіп тұрғаны анық",-дейді Омонулло Мақсудов.

Қазақстан маусымның 9-ында отыз шақты өзбек босқынын Өзбекстанға экстрадициялады. Өткен жылы да төрт босқын Өзбекстанға қайтарылған еді.
XS
SM
MD
LG