Accessibility links

Ереуілге қатысқан 28 мұнайшы жұмысқа қайта алынбайды


"Қаражанбасмұнай" компаниясы жұмысшыларының ереуілі. Маңғыстау облысы, мамыр 2011 жыл.
"Қаражанбасмұнай" компаниясы жұмысшыларының ереуілі. Маңғыстау облысы, мамыр 2011 жыл.
Батыс Қазақстанда ереуілге қатысқаны үшін қызметінен босатылған 28 мұнайшы бұрынғы жұмысына қайта алынбайды. Ақтаудағы сот осындай шешім шығарды деп хабарлайды бүгін Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

"ТұлпарМұнайСервис", "АрғымақТрансСервис" және "Қаражанбасмұнай" компанияларының қызметкерлері еңбек дауы әлі шешілмей жатып, компания басшылығы оларды жұмысынан айырғаны туралы шағымданған болатын.

Маңғыстау облысында бірқатар мұнай компаниялары жұмысшыларының ереуілдеп жатқанына үш айдан астам уақыт өтті. Олар жалақыларының көтерілуін және еңбек жағдайының жақсартылуын талап етіп жатыр.
XS
SM
MD
LG