Accessibility links

Петропавл орталығына Ленин ескерткіші орнатылды


Петропавл шетіндегі Владимир Ленин ескерткіші қоғам қысымымен қала орталығына көшірілді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Қала әкімшілігінің баспасөз хатшысы Лариса Орловскаяның мәлімдеуінше, тамыз айының басында Петропавл қаласының шеткі шағын ауданындағы ескерткіштің бұзылуы қариялардың наразылығын тудырған, нәтижесінде ескерткішті орталыққа көшіру мәселесі қала құрылысы кеңесінде талқыланған.

"Қалалық ардагерлер кеңесі мен қалалық мәслихаттың ұсынысымен Лениннің ескерткішін қала орталығындағы "Казахстанская правда" көшесіне орналастыру туралы шешім шығарылды", - дейді Орловская.
XS
SM
MD
LG