Accessibility links

Ташкент пен Сеул 2,6 млрд долларлық газ зауыты туралы келісім жасады


Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Оңтүстік Корея президентінің Сеулдегі кездесуі. 11 ақпан 2010 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Оңтүстік Корея президентінің Сеулдегі кездесуі. 11 ақпан 2010 жыл.

Өзбекстан мен Оңтүстік Корея Өзбекстанда газ-химия зауытын құру туралы келісімге қол қойды.

Ташкентте Оңтүстік Корея президенті Ли Мён Бакпен кездескен Өзбекстан президенті Ислам Каримов бұл екі ел қарым-қатынастарындағы "бұрын-соңды болмаған жоба" деп атады.

Каримовтың мәлімдеуінше, Өзбекстан Корея бизнесіне минералды ресурстары мен мұнай, газ, уран, асыл металдар, көлік және байланыс саласын сонымен қатар тоқыма өнеркәсібін ашып отыр.

Өзбекстан ресми өкілдерінің айтуынша, Оңтүстік Корея президентінің екікүндік сапары барысында екі ел арасындағы бизнес пен мәдени қарым-қатынастарды дамытуды көздейтін 23 келісімге қол қойылады.
XS
SM
MD
LG