Accessibility links

Жаңаөзенде кәсіподақ белсендісінің қызы қаза болды


Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» компаниясында жұмыс істейтін кәсіподақ белсендісі Құдайберген Қарабалаевтың қызының денесі бүгін табылды. Бұл туралы Азаттық радиосына оппозициялық «Халық майданы» қозғалысының мүшесі Болат Атабаев хабарлады.

«Осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы Жансәуле Қарабалаеваның денесі Жаңаөзен қаласының сыртынан табылды. Жансәуленің денесін көргендер айтты: бас сүйегі жарақаттанған және жақ сүйегі сынған», - дейді Атабаев.

Маңғыстау облысында бірқатар мұнай компаниялары жұмысшыларының ереуілдеп жатқанына үш айдан астам уақыт өтті. Олар жалақыларын өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.
XS
SM
MD
LG