Accessibility links

Саркози Ливия көтерілісшілерінің басшысымен кездесті


Николя Саркози (сол жақта) мен Махмұд Жебрейіл. Париж. 24 тамыз 2011 жыл.

Николя Саркози (сол жақта) мен Махмұд Жебрейіл. Париж. 24 тамыз 2011 жыл.

Франция президенті Николя Саркози Каддафи режимі құлағанша Ливиядағы НАТО-ның әскери әрекетін қолдай беретінін мәлімдеді.

Ол бұл туралы Парижде Ливия көтерілісшілерінің өтпелі ұлттық кеңесінің басшысы Махмұд Жебрейілмен кездескеннен кейінгі баспасөз мәслихатында айтқан.

Ал Қатарда өтіп жатқан Ливия мәселесі бойынша халықаралық конференцияда көтерілісшілердің тағы бір өкілі Ареф Әли Найед жабылған Ливия активтерінің ішінде 5 миллиард доллардан аз емес қаржыны босату керегін айтқан. Оның айтуынша, бұл қаражат ливиялықтардың жалақысы мен басқа да күнделікті мұқтаждықтарын өтеуге жұмсалмақ.

Ливияда Каддафи күштері мен оппозицияны жақтаушылар арасында атыс жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG