Accessibility links

Көтерілісшілер Каддафиді тапқан адамға сыйлық бермек


Баб ул-Әзизия - Муаммар Каддафидің резиденциясынан түтін шығып жатыр. Триполи. 24 тамыз 2011 жыл.

Баб ул-Әзизия - Муаммар Каддафидің резиденциясынан түтін шығып жатыр. Триполи. 24 тамыз 2011 жыл.

Ливия көтерілісшілері Муаммар Каддафиді тапқан немесе өлтірген адамға бір миллион доллардан аса сыйлық беруге дайын екендіктерін хабарлады.

Көтерілісшілер сәрсенбі күні осындай мәлімдеме жариялады. Мәлімдеме негізінен Каддафидің жақтастарына бағытталған. Онда сый берілетін адамға рақымшылық жасалатыны да айтылған.

Қазір Триполи мен өзге де қалаларда әскер мен көтерілісшілер арасында атыс жүріп жатыр. Әзірше Каддафидің қайда екендігі белгісіз.
XS
SM
MD
LG